Мероприятия Stages.kz

Сиқырлы терезе

Автор — Ж. Әлікен

Режиссер — Е. Қауланов

«Сиқырлы терезе»

аннотация

Балалардың ой-қиялын ұлттық рухта, өрлікке, батырлыққа, адалдыққа, тазалыққа жетелейтін шым-шытырық оқиға «Сиқырлы терезенің» сырында жатыр.

Сиқырлы терезе кішкентай көрермендердің үлкен өмірге үмітін оятып, бірте-бірте арманына айналады. Ертегі елінен келетін елес емес, тарих сахнасынан келіп, бүгінгі өмірдің сан түрлі машақатын жеңіп, батырсымақтарымен белдесіп жеңіске жететін кейіпкер балалардың қуанышын оятпай қоймайды.

Заманауи өмірдегі бар қиыншылықтарды басынан өткеріп, жеңе білетін баяғы батырларымыз бүгінгі уақытқа тап келсе, қалай болар еді? Онда бірге тамашалайық.