Счастливые поют

Үш торай

Үш торайӨмірдің қарапайым қағидалары – бір-бірімізге көмектесу, қиын кездерде қолдау көрсету, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруден тұрады.

Қойылым кейіпкерлері – үш торай, қыста суықта пана болатын баспана тұрғызады.

Күлегеш, қамсыз Ниф-Ниф пен Нуф-Нуф тұрғызған баспаналары берік болмай, қасқырдан қорған бола алмады. Ал, ерінбей еңбектеніп тұрғызған Наф-Нафтың баспанасы, қасқырдан қашқан екі бауырына да пана болды. Өз қателіктерін түсінген олар бауырларынан кешірім сұрайды. Екеуін кешірген Наф-Наф жаңа баспанада бірге тұруға рұқсат береді.

Адамдар әркез бір-біріне мейрімділік танытып, қиын кездерде қол ұшын беруден аянбағаны абзал.