Jullien Dassin

Арнау

Арнау/ЦКЗӨтетін орны: «Qazaqstan» ОКЗ (ЦКЗ)

Өтетін күні: 3 наурыз

Басталуы: 19:30

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 7+

Ұзақтығы:

Қосымша:

 

 

 

«Ах, Самара – городок», «Әдемі-ау», «Бәрінен де сен сұлу», «Сәулем-ай», «Іңкәрім-ай», «Ақтамақ»... Осы уақыт сынынан өткен атақты әндерді жаңа форматта тыңдау үшін «Арнау» концертіне шақырамыз!

Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа концертті «Saz&soul» тобы ұсынады.

«Saz&soul» тобы – әр түрлі музыкалық жанрдағы композицияларды орындайтын бірегей музыкалық ұжым. Топ заманауи әндер мен авторлық туындыларды ерекше форматта ұсынады. «Saz&soul» композитор Әділжан Толықпаевтың көркемдік жетекшілігімен өнер көрсетеді.

Бұл кеште «Saz&soul» Роза Бағланова орындаған сүйікті хит әндерді ерекше форматта орындап, сіздерді таңғалдырады.

Кеш қонақтары – әншілер Гүлсім Мырзабекова, Гүлнәр Көшенова, Салтанат Меңдіғалиева, Әлібек Әлмадиев, Айна Қалмағанбетова.

Жанды дауыстағы сапалы музыка тыңдап, мерекелік көңіл-күйді сезіну үшін «Saz&soul» тобының концертінен қапы қалмаңыздар!

*Музыкалық композициялар қазақ тілінде орындалады.

*Құрметті көрермендер!

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылады