ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Шымкент
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Қожа Ахмет Яссауи әлемі» көрмеcі «Сайрам» музейінде

«Қожа Ахмет Яссауи әлемі» көрмеcі «Сайрам» музейінде

Сипаттама

«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК - ның «Сайрам музейі» бөлімінде Ислам дінінің Ұлы дала төрінде таралып, тамыр жаюына орасан зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімінің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи мұраларын терең зерделеп, дәріпттеу мақсатында «Қожа Ахмет Яссауи әлемі» атты көрме ұйымдастырылады.

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) көне Исфиджаб қаласындадүниеге келді. Әкесі Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). «Шажараи-Саодат» атты кітапшада келтірілген дерек бойынша Яссауидің алғашқы ұстазы Шахабиддин Исфиджаби (Ақ Ата баба), рухани ұстазы Арыстанбап еді. Бұхара қаласындағы медреседе Юсуф Хамаданиден білім алып, тариқат ілімін жалғастырды. Қожа Ахмет Яссауи әлемге танымал, құнды еңбектердің бірі «Диуани хикметтің» авторы. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған.

Көрмеде музей қорындағы құнды арабша қолжазбалар, дәруіштер шапаны, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мөрінің көшірмесі, Қожа Ахмет Яссауи туралы жазылған кітаптар, журналдар ұсынылады

Келу ережелері:

Экспонаттарды қолмен ұстауға-ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге келуі керек.

Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз).

7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру - ТЕГІН.

7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі.

18 жастан 22 жасқа дейін студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде).

ТЕГІН:

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І, ІІ топ

Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскерге шақырылғандар.

Мүмкіндігі шектеулі III топтағы азаматтарға - 50% жеңілдік.

Толық оқыңыз
  • Мекен-жайы

    Шымкент қ., Сайрам тұрғын Алаба, Ибрагим ата көшесі 120, «Сайрам музейі»

  • Жұмыс кестесі

    дүйсенбі-жұма 09.00-18.00Сенбі 09:00-13: 00техникалық күн-жексенбі

  • Күні мен уақыты

    19.02.2025 – 28.02.2025

  • Мұражай турының ұзақтығы

    40 минут

  • Жас шектеулері

    жоқ

  • Қосымша

    Барлық залдарды аралап шығуға болатын уақыт 40 минуттан 90 минутқа дейін. Келуден бұрын музейдің жұмыс уақытын ескеріңіз.Техникалық күн – жексенбіНазар аударыңыз! Бұл күні музей жұмыс жасамайды

  • Жанр

    музей

Жасыру

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 27
    Наурыз
    бүгін
    «Сайрам музейі»
    музей
    бастап 300 ₸
    бастап 150 ₸
    бастап 150 ₸
  • 28
    Наурыз
    ертең
    «Сайрам музейі»
    музей
    бастап 300 ₸
    бастап 150 ₸
    бастап 150 ₸
  • 29
    Наурыз
    Сенб
    «Сайрам музейі»
    музей
    бастап 300 ₸
    бастап 150 ₸
    бастап 150 ₸
  • 31
    Наурыз
    Дүй
    «Сайрам музейі»
    музей
    бастап 300 ₸
    бастап 150 ₸
    бастап 150 ₸