Scorpions в Алматы

Сараң

Қойнындағы байлығы қара басынан артылмайтын Гарпагонның қызы Элиза мен Валер бір-біріне баяғыдан ғашық. Валер Гарпагонның сарайына қызметке орналысып, Элизаны өзінің жары етіп алуды күн өткен сайын армандай берді. Себебі, бұл арманды жүзеге асыру жолында үлкен қақтығыс бар, ол - Гарпагонның сараңдығы! Қалтасында соқыр тиыны жоқ Валер еш құлазымай Элизаға қол жеткізу жолында барын салып, Гарпагонның көңілінен шығу үшін оның жағымсыз қылықтарына еріп, күнде комедия қоюға тура келді.

Элизаның бауыры Клеантқа да осы мәселе маза бермеді. Кедей қызына ғашық болған Клеант пен көк тиыны жоқ жігітті сүйген Элизаның тағдыры қалай шешілмек? Гарпагон өз балаларынан да байлығын аяп қала ма?