Машина времени в Казахстане!
Гастрольная сцена ЦКЗ «QAZAQSTAN»

Құрмаш Махановтың «Өмірімнің көктемі» атты ән кеші

Купить билеты

novtyn-omirimnin-koktemi-atty-an-keshiТанымал әнші, композитор Құрмаш Махановтың «Өмірімнің көктемі» атты концертіне шақырамыз!

25-сәуір, Нур-Султан қаласы, «Қазақстан» орталық концерт залында сағат 19:00-де Құрмаш Маханов шығармашылығының 30 жылдығына арналған мерейлі кеш өтеді. Әндері арқылы тыңдарманға ой салып, ізгілік, махаббат, иман, достық, адалдық сынды таза сезімдерді насихаттап жүрген әнші сахнада өз орнын айқындағанына биыл 30 жылдың жүзі болды. Қоңыр үнімен, биязы мінезімен, әсерлі әндерімен көпшілік көңілінен шыққан Құрмаш бұл жолы да кеш қонақтарын қуантпақ.

Әріптес-достары жанды дауыста әндерін нақышына келтіре орындап, композиторлық қырын да паш етеді. Олардың арасында Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Иманбаева, Қайрат Баекенов, Дәурен Сейітжанов, Мөлдір Әуелбекова, Adam сынды қазақ шоу- бизнесінің жарық жұлдыздары бар. Құрмаш Маханның орындауындағы «Армандаймын адам боп жаралған соң», «Кездесу мен қоштасу», «Риясыз махаббат» сынды туындылары халыққа кеңінен танымал.

Бұл жолғы шығармашылық кеште Құрмаш Махановтың төлқұжатына айналған әндер мен музыка сыншыларының ыстық ілтипатына ие болған жаңа әндер шырқалады.