98 человек за последний час интересовались этим событием.

Ойыншықтар оқиғасы

Премьера! Ойыншықтар оқиғасыӘр бала өзінің сүйікті ойыншықтарымен тілдесіп, сөйлесіп, тіпті сырласып, аракідік ұрсып, тәртіпке шақырып та жатады. Олардың ойынша, әр ойыншықтың жаны бар және олар иесі жоқта тіріліп, өз бетінше өмір сүреді. Бұл ертегі - осындай бала қиялының боямасыз айғағы. Басты идея - кішкентай көрермендерді ойыншықтарын қиратып-қиып, кесіп-тесіп, ойына келгенін жасайтын Сид сияқты сотқар бала болмай, Эндидай жүрегі таза, мейірімді, жақсылыққа құштар жан болуға үндеу.