С днем рождения, Тикетон!

Құрманғазы оркестрінің маусымдық ашылуы

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 85-ші концерттік маусымының ашылуы

1934 жылы құрылған Құрманғазы атындағы қазақ оркестрі 28 қараша күні өзінің 85-ші концерттік маусымын ашады.

Төл шығармалар мен қатар әлемнің классикалық композиторларының ең үздік жарқын туындыларын әлем сахналарында үлкен шеберлікпен орындап жүрген өнер ұжымы көрермен қауымға жаңа концерттік бағдарлама ұсынады.

85-ші концертік маусымның жаңа бағдарламасында қазақ эстрадасының танымал тұлғалары қазақ әндерін, оркестрмен өңделген заманауи шығармаларды орындайды.

Кеш қонақтары: Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Асылбек Еңсепов, Батыржан Мықтыбаев, Бақыт Тұрман, «Заман» тобы. Оркестрдің  бас дирижері Абылай Тілепберген.

Байланыс үшін: +77076126047.