Премьера балета

«ОТЕЛЛО»

У.Шекспир

Аударған: М.Әуезов

«ОТЕЛЛО»

трагедия

Қоюшы режиссері - Талғат ТЕМЕНОВ, Қазақстанның Халық артисі, профессор

Қоюшы суретшісі - Қанат Мақсұтов, Қазақстанның Мәдениет қайраткері

Киім үлгісінің суретшісі – Шынар Елембаева

Дыбыс операторы - Ләззат Қыстықбаева

Балетмейстер – Салтанат Жолымбаева

Сахна сайысын қоюшы – Михаил Вишневский \Ресей\

Режиссердің көмекшісі: Әлия Дәуітова

У.Шекспир бейнелеген бас қаһармандар баяғыда жалқы есімнен жалпы есімге айналып кеткен. Шекспир әлемдік театрларда шығармалары үздіксіз қойыла беретін ең ұлы драматург. 

Әрбір айтулы режиссердің өз Шекспирі бар. Қазақ сахнасында көптен бері классик жазушысының туындылары қойылмай кеткен еді. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Халық артисі, белгілі режиссер Талғат Теменов Шекспирдің «Отелло» атты трагедиясын сахналады. Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді!

Отелло - әлемдік әдебиет галереясында күшті қаһарманның бірі. Ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналды. Осынау баянсыз ғашықтықтың күйігі мен наласы жер бетінде ауық-ауық қайталана беретінін ұлы ағылшын жазушы айғақтайды.

«Отелло» - ұлы шағарма!