Інжу-Маржан
Концерт
ІНЖУ-МАРЖАН
Отандық классикалық музыканың жауһар туындылары мен халық әндері, сондай-ақ Қазақстанның заманауи композиторлары жазған шығармалар «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Інжу-маржан» концертінде орындалатын болады.
Вокалдық музыка – қазақ халқының музыка мәдениетінде орны ерекше өнер түрі. Ұлттық дәстүрдің аясында әу бастан театралдық және сахналық көрініске жақын сал-серілер өнері қалыптасты. Осылайша, орындаушылар мен көрермен қазақ операсының қалыптасуы мен шарықтау талпынысына әзір болды.
Концертте опералардан ариялар мен дуэттер, сондай-ақ Абай, Жаяу Мұсаның шығармалары, қазақтың халық әндері және Е.Брусиловский, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев, Б.Байқадамов, Ғ.Жұбанова, М.Манғытаев, Н.Меңдіғалиев, Т.Бейсенбек, С.Еркімбеков, Б.Қыдырбек және т.б. шығармалары орындалады.
Орындаушылар:
Роза Нүркей (сопрано)
Салтанат Мұратбекова (меццо-сопрано)
Рамзат Балакишиев (тенор)
Азамат Жылтыркөзов (баритон)
Фортепиано партиясында – Жанар Ахметова
Режиссер – Наталья Кагадий
Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады