
Ниагара сарқырамасы
Сипаттама
Әйгілі итальяндық драматург Алессандро Барикконың «Смит&Вессон» трагикомедиясы біздің «Ниагара сарқырамасы» қойылымымызға негіз болды. Қолдағы бар дүниені тағдыр таразысына салған кездегі сәтті баяндайтын жарқын оқиға!
Дүрліктірген американдық арман, өмірдің ең тәтті тұсын өзіне тартып алуға деген ұмтылыс кейіпкерлерді беті қайтарылмас әрекеттерге баруға мәжбүр етеді. Тағдрыр таразысында жан сақтаудан атақ-даңқ басым болған аватюризм ұраны.
Сахна төрінде тек үш кейіпкер ғана, алайда осы үшеуі Америкадағы Ұлы экономикалық дағдарыс кезіндегі халықтың нағыз бейнесін шебер түрде жеткізуге әбден жеткілікті.
Бірегей сахналық бейнелеу, таңғалдырарлық театр шарттылығы, актерлердің майталман өнері кантри музыкасының сүйемелдеуімен бірлесе отырып, сіздерді Ниагара сарқырамасының астындағы тұңғиықтарға терең тартатын болады, құрметті көрермен.
Өтетін орны
Алматы қ., Шаляпин к-сі, 22 Н.И.Сац атындағы жас көрермен театры
Спектакль авторы
А. Барикко
Премьера күні
20 қыркүйек
Режиссері
Е. Дубовик
Жанр
трагикомедия
Ұзақтығы
2 сағат
Жас шектеуі
16+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 26СәуірСенбТеатр ЕрмашоваЗал с рассадкойбастап 4500бастап 4500