98 человек за последний час интересовались этим событием.

Мерекелік шоу. «Бақыт құсы»

«Бақыт құсы»Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақыт құсы» мерекелік қойылымы!

Балақайлар ертегілер еліне саяхат жасайды, ән айтып, би билеп, ойындар ойнайды. Мерекелік шоу театр фойесінде, одан кейін сахнада жалғасын табады. Фойеде Алдар Көсе, Монстр Хай сынды өздерінің сүйікті кейіпкерлерімен ойын ойнап, сұрақтарға жауап беріп, сайыстарға қатысады. Қойылым мейірімділік, татулық, бауырмалдық жайлы. Ана мен бала махаббаты, достық, адалдық көрсетіледі. Әр бала бақытты болуға лайық!