Мероприятия Stages.kz

Махаббат жағалауы

Махаббат жағалауыПремьера!

М. Әуезов атындағы драма театры

МАХАББАТ ЖАҒАЛАУЫ

25-26 мамыр!

Психологиялық драма

авт. М. Байджиев

ауд. Қ. Төлеуішов

реж. А. Маемиров

Көрнекті қырғыз драматургы М.Байджиевтің әлем театрларында ең көп сахналанған шығармасы  күнделікті өмірде аз кездеспейтін оқиғадан бастау алып, жеке адам мен қоғамның қарым-қатынасы және қоғамның арман-аңсарлары (идеалдары) туралы күрделі мәселелерге ойысады.

М.Әуезов театрында осыдан тура жарты ғасыр бұрын табысты сахналанған   психологиялық драманың бұл жаңа қойылымы  адамның терең болмысын, жан құпияларын, жеңістері мен жеңілістерін бүгінгі күн биігінен зерделеуге, театрдың жаңа, жас буынының жүрек көзімен қайта пайымдауға шақырады.