97 человек за последний час интересовались этим событием.

Қызыл орамалды шынарым. Гастроли театра им. Куанышбаева в Актау

Мұқағали

Автор: Шыңғыс Айтматов

Премьера күні: 31 мамыр 2017

Режиссёр: Талғат Теменов

Актерлар: Әбілмансұр Серіков, Ақмарал Танабаева 

Жанр: лирикалық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 40 мин

Жас санаты: 12+

 

 

 

 

Қырғыз  халқын күллі әлемге танытқан, адамзаттың Айтматовы атанған  Шыңғыс Айтматовтың қалам тербеуге негіз болған махаббат тақырыбы  әрқашан  да  өміршең. Ойда-жоқта кездесуден басталған таныстық  үлкен  махаббатқа  ұласады. Шың басындағы шынарға ұқсатқан, ақ жүрегінің құрбаны болуға даяр Әселінен Ілиясты алыстатқан нендей сиқыр, нендей құдірет?  Қойылымда сезім мен намыс сынға түсіп, «бастарына бейуақ бақытсыздық орнаған» жандардың өмірі баяндалады. Өмірде бір ғана жасалған ағаттықтың бағасы қандай болмақ? Әсел Нуриденнің сиқырын қайтарған Шолпандай бола ала ма?

Сүйіспеншілік, адалдық, сыйластық, достық, көре алмаушылық, жауапкершілік, қамқорлық сынды тақырыптар қозғалатын лирикалық драмада нәзік сезім, ішкі мұң жатыр. Спектакль өмірдегі ұмытылмас, жүректің түкпірінде терең сақталған қимас махаббатты әспеттейді.

Қосымша:

Қоюшы суретшісі - Рахат Сапаралиева

Хореограф - Салтанат Жолымбаева

Музыкамен көркемдеген - Талғат  Теменов

Билет қайтару шарттары: танысу