Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойы

Өтетін орыны: Республика Сарайы

Өтетін күні: 15 қазан

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ: бар

Жас санаты: 7+

Билет қайтару шартттары: танысу

Қосымша:

 

 

 

 

Сіздерге 15 қазан күні сағат 19:00- де Республика сарайында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерті өтетінін хабарлаймыз.
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақтың інжу – маржаны» - деп атаған оркестрі бүгінде бүкіл әлемге халқымыздың музыкалық өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және Ұлы дала әуенінің пәк сұлулығын танытуда. Оркестріміздің шет мемлекеттердегі Қазақстанның мәдениет күндерінде, әлемнің үздік залдарындағы жеке шығармашылық гастрольдерінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен мемлекеттік концерттерде лайықты деңгейде өнер көрсетіп келе жатқанын зор қуанышпен айта аламыз.
 
Аталған кеште елімізге еңбегі сіңген Б.Төлегенова, Н.Нүсіпжанов, А.Қоразбаев, М.Жүнісова, А.Қосанова, С.Майғазиев сынды және т.б. өнер майталмандары қатысады.
 
Баршаларыңызды Құрманғазы оркестрінің орындауындағы әсем сазды әуендер мен күйлерді тамашалауға шақырамыз!