Google ad services

Құдалар

ҚұдаларӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Е. Уахитов

Премьера күні: мамыр, 2019 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлар: Азамат Эсқұлов, Әділ Ахметов, Жандаулет Батай және т.б.

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат, 20 мин

Жас санаты: 

Қосымша:

 

Алтын көрсе періште жолдан таяды. Ал қырық жылғы достығын мыңжылдық құдалықпен жалғауды көксеген құдай қосқан көршілердің сол сертіне күтпеген жерден пайда болған есепсіз байлық селкеу түсірсе қайтпек керек?!.

Тағдыр ұсынған тосын сыйды не бөлісе алмай, не келісе алмай әбігерге түскен көршілер шынымен құдалықтан бас тарта ма? Алтын қымбат па, әлде уәде құнды ма? Ойда жоқ жерден тұтанған күйбіңнің соңы немен аяқталмақ?

Күлкіге толы тосын сәттер мен зілсіз қақтығыстар, шет-шегіне жетіп болмас қызу айтыс комедияның дамуын тіпті шиеленістіре түседі. Жеңіл тұрмыстық әзіл, тіпті соңы қызды-қыздымен шым-шытырық детективке ұласар күтпеген оқиғалар легі кейіпкерлер түгілі көрерменнің өзін біраз әбігерге салары сөзсіз.

Ендеше, құдалардың тартысты тағдырының куәсі болуға асығыңыз!   

Кейіпкерлер:

  • Әбдісалам (қазақ) – Азамат Эсқұлов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мемлекеттік сыйлықтың иегері
  • Момын (өзбек) – Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент степендиясының иегері, Бахыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Хадиша (кемпірі) – Мадина Май, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Балжан Зияқұлова
  • Нәдір (баласы) – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері, Ділназ – Наурыз Сабағатова
  • Қылышбек – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Шапағат (әйелі) – Айнұр Рахиова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Мадина Май, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Зухра – Шехназа Қызыханова, «Елорда жастар» сыйлығының иегері
  • Дәрігер – Бахыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері,  Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент степендиясының иегері
  • Сейтмәлік – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мемлек еттік сыйлықтың иегері, Азамат Эсқұлов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері