Oxxxymiron в Казахстане!

«Қош келдің, Наурыз»

kosh-keldyn-nauryzАқ түйенің қарны жарылып, Самарқанның көк тасы жібіп, күн мен түнді теңелткен әз Наурыз мейрамының қарсаңында,  Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен, Қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен, наурыз айының 19-шы жұлдызында сағат 19.00де «Қош келдің, Наурыз» атты ән кеші өтеді.                      

Өтетін орны: «Астана» концерт залы..

Кеш аясында, көктем-көңілге көрік беріп, жұмыр жүректерді тербеткен халық әндері, наурыз жайлы туындылар тарту етіліп, сүйікті әншілеріңіз баршаңызды ұлық мерекемен құттықтайды.    
Үмітті үкілеген «Қош келдің, Наурыз» концертіне Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмединова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Бибігүл Жанұзақ, Мәдениет саласының үздіктері Нұрғали Тұрлыбеков, Арайлым Рахым, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары  Дәстүр Асылхан, Диана Май, Алтынбек Әбілда, Шахризада Тыныштық, Гүлнұр Жақсылықова, Мемлекеттік  «Дарын» жастар сыйлығының иегері Нұрбол Балапанов, «Қазақстан дауысы – 2015» тележобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда қатысады.

Байланыс телефоны: 8 701 766 13 96, 75 23 83, 75 23 60.