Театр ARTиШОК
Театр драмы им. Ауэзова

Қорқыттың көрі

Купить билеты
Купить билеты

Авторы: Иран-Ғайып

Аңыз дастан

Қоюшы режиссері - Йонас Вайткус, КСРО Мемлекеттік, Литва Ұлттық сыйлығының лауреаты, профессор

Режиссердің ассистенті -  Қуаныш Мамытқалиев

Қоюшы суретші -  Артурас Шимонис

Композитор -  Алгирдас Мартинайтис, Литва Ұлттық сыйлығының лауреаты

Хормейстер – Ғалымжан Берекешев

Балетмейстер – Гузель Мұхамеджанова

Режиссердің көмекшісі – Гүлнар Сейтімбет

…«Қорқыттың Көрі» – Қорқыт-Бабамыздың запырандай ащы аңыз-өміріне арнап қойылған Сахналық Түйсіктің Бейне-Тұжырымы.

«Қорқыттың Көрі» – Өркениеттің, Мәдениеттің, Өнердің, Күйдің – Қасиетті де Киелі Рухани Ұғымның – Жаназа-Реквиемі.

«Қорқыттың Көрі» – Дүние-Кезек – Діндер астасуы…

Қойылым оқиғасы – Расул (Мұхаммед) Пайғамбар заманына жақын тұста (VII-VIII ғасырда) Баят (Сырдария өзені) бойында өтеді.

Қорқыт – Бүкіл Шығыс Өркениеті іргетасын қалаушылардың ішіндегі ең айтулы Тұлға.

Қорқыт – Күллі Азия Мәдениетінің Ұлы Қайнар-Бастау-Көзі.

Қорқыт – Алты Алаш Өнерінің Аңыз-Арысы.

Қорқыт – Қазақ Халқының Күй-Атасы.

Қорқыт – Қасиетті де Киелі Рухани Ұғым…