Google ad services
Скачай новое приложение Ticketon

Халық аспаптар ансамблі

Халық аспаптар ансамбліӨтетін орыны: Қ. Қуанышбаев атындағы театр

Өтетін күні: 3 қазан

Өтетін уақыты: 19:00

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі: Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова

Бас дирижер: «Мәдениет саласының үздігі», Халықаралық конкурстардың лауреаты Ерлан Бейсембаев

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай

 

 

Халық әндері мен күйлері - қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы. Рухани байлығымыздың насихатталуына үлкен үлес қосып, кейінгі ұрпақты ұлттық музыкамызға баулитын Қаллеки театры халық аспаптар оркестірі – біз үшін де, киелі өнер үшін де зор мәртебе. Арнайы кеште сіздер ел жүрегінен орын алған халық музыкасымен сусындап, құлақ құрышыңызды қандыра аласыздар.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының Халық аспаптар ансамблі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен "AsiaFolk 2021" онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне (толық ансамбль), І дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) және Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауына қатысып, «Классика және джаз» номинациясында жүлделі 1 орынға ие болды. Қажымұқан Мұңайтпсұлының 150 жылдығына арналған «Көнеден жеткен күмбір» фестивалінде «Ең үздік орындаушы» дипломымен марапатталды.