Мероприятия Stages.kz

«Кездер - ай» ән кеші

Іс-шараның ұзақтығы: 90 минут.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы, Кенесары көшесі, 32.

Қараша айының 28 күні, сағат 19.00-де Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының әншілері, сағындырған сағым жылға саяхат жасап, «Кездер-ай» атты ән кешін көрермен, тыңдармандарына тарту етеді.

Кешке, Қазақстанның және Татарстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмединова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейхан, Алтынай Жорабаева, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Нұрғали Тұрлыбеков, Халықарлық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Арайлым Рахым, Диана Май, Дәстүр Асылхан, Ринат Малцаков, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов т.б өнерпаздар қатысады.

Бұл кеште барша патша көңілді көрермен ретро әндермен жастық шаққа сапар шегетін болады. Жүректі елжірететін өміршең туындыларды тыңдауға өнер сүйер қауымды шақырамыз. Концерт аясында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов, қазақ сазының сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев сияқты таутұлғалардың шығармалары және халық әндері орындалады.
Сағындырған, сағым қуған жылдарға бірге сапар шегіп қайтайық.           
Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының    
концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.