Қараш-Қараш

Қараш-Қараш / Театр им. К. Куанышбаева

Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қ., Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

Премьера күні: 4-5 қараша 2015

Автор: М. Әуезов, Қ. Ысқақ

Режиссёр: Ә. Оразбеков

Актерлар: Нұркен Өтеуіл, Сырым Қашқабаев, Қуандық Қыстықбаев, Ержан Нұрымбет

Жанр: әлеуметтік драма

Ұзақтығы: 1 сағат 35 мин

Жас санаты: 12+

Қосымша:

 

Бүгінге дейін күрделі тақырып «жер» мәселесі қойылымның күретамыры. Жерді сатқаның – отанды сатқаның. Ата-бабадан қалған аруақты даланы сақтап қалу әр қазақтың адами парызы. Елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббаты қойылым барысында  көрініс табады. Жарасбай – ойдың адамы, Бақтығұл – істің адамы. Осы екі ұғым бірін-бірі түсінуде сәл жаңсақтық жіберсе, «сатқындық» дейтін жау тұтқиылдан шабуыл жасап, «адал достықтың» орнын алмастырады.

Қоюшы суретшісі – Ю. Нұрматов

Музыкасын құрастырған – Қайрат Тоқымбетов, Олжас Жақыпбек

Киім үлгісінің суретшісі – Шынар Елембаева

Дыбыс режиссері – Гүлнафис Әминова

Билет қайтару шарттары: танысу