Мероприятия Stages.kz

«Ғажайып ертегі» ертеңгілігі

Құрметті балақай!

«Ғажайып ертегі» ертеңгілігіЖаңа жыл мерекесі ертегілер әлемінің біздің әлемімізге қонаққа келіп, қызыққа бөлейтін нағыз ғажайып шағы. Өзіңнің сүйікті кейіпкерлеріңмен бірге ойындар ойнап, жеңіске жетіп, өнеріңді ортаға салып, Аяз атадан сыйлықтар алып, жаңа достар тауып, керемет көңіл күйде уақыт өткізгің келе ме?
Олай болса, біздің «Ғажайып ертегі» атты ертеңгілігіміздің қонағы бол. Ертеңгілікте Сиқырлы айна ертеңгілікте не болатынын алдын ала айтып, балаларды қауіптен қорғап тұрады. Ал, қар астында өсетін Бәйшешек қоңырауын сыңғырлатып жаңа жылдың жаршысына айналады. Жаңа жылды келтірмеуге тырысқан Мыстанның әрекеттерін тоқтау үшін орман тұрғындары бірігеді. Шытырман да, қызықты оқиғаға қатысқың келсе төмендегі телефонға хабарлас, біз сені күтеміз!
Құрметпен Қызылорда облыстық филармониясы.

P.S Ия, ұмытып барады екенмін, Тауық, Қолаң шаш, Қоян, Қасқыр, Мыстанның тауық аяқ үйі, кішкентай Ақтабан (күшік) бәрі–бәрі осы жерде болады.

Касса: 87758037419