Лучшая музыка Disney и DreamWorks

«Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы»

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы»

Элегия

Қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Күнәдан пәк пенде болмайды. Не сөзіңмен, не ісіңмен, не екеуімен де қателіктер жасап жатамыз. Күнделікті өзіңе есеп беріп, өзіңді-өзің қайрап отырсаң ғана өзгеге қадірлі боласың.

Өмір – күрес, тартыс! Өмірмен шын күресіп, адал тартысқа түскен адам ғана, көздеген мақсатына оңай жетіп, оның берекесіне бөленбек. Ал, өмірмен шынай күресуге шарасыздық танытқан адамның іс-әрекеті де шала болуы әбден мүмкін. Жастықпен, қызғанышпен жасалған әрбір күнәң үшін ерте ме, кеш пе, Жаратушы әйтеуір бір жазасын берері хақ. Сосын, жаңа өмір бастаймын деген сайын атойлап алдыңнан шығып отырады.

Міне, төрт кейіпкер - Ай, Жан, Гүл, Достардың төңірегіндегі өзара түсінбеушіліктері бүгінгі заманның тілімен сахнада көрініс табады. Ұстаздың ақылымен дамып отыратын шытырман оқиға актерлердің пластикалық шебер қозғалыстарымен өз шешімін тапқан.