Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Дарабоз

ДарабозӨткізу орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК

Өткізу күні: 29 қараша 2022 ж.

Басталуы: 19:00

Жоба авторы: Арайлым Рахымқызы

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 7+ 

Қосымша:

 

 

 

 

Қазақта... Қаракерей Қабанбайдай батыр болған емес. Мәшһүр-Жүсіп Көпей
        
2022 жылдың қараша айының 29 күні, сағат 19.00 де Еркеғали Рахмадиев атындағы Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында қазақ халқының даңқы үшін, сыртқы жаудан қорған болған, хас батыр, баһадүр бабамыз Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдығына арналған рухани-танымдық іс-шарасы өтетін хабарлаймыз. Іс-шараның негізгі мақсаты - қолбасшының ерлігін еске алу, жас ұрпақтың санасына патриоттық сезім ұялату, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жоба аясында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры актерлерінің театрландырылған көрінісі көрсетіліп, ән, күй арқылы ұлы бабамыздың қаһармандығы сипатталады. Айтулы іс-шараға ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»-ның  Эстрада-симфониялық оркестрі, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ  ән-би ансамблінің бишілер тобы, хоры, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно ансамблі, Секен Тұрысбеков, Еділ Құсайынов, Светлана Айтбаева, Айгүл Елшібаева, Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Айбек Бекбосынов, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, Ғайни Жұмашева, Айгерім Ораз, Нұрбол Балапанов, Сәулежан Тағзия, Мұратбек Хайролда, Парасат Отан, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин, Сәкен Әлімхан, Фируза Рахметова, Нұрсәт Алмас қатысады.