Счастливые поют

Бремен музыканттары

Авторы – Юрий Энтин, Василий Ливанов
Аударған – Ағзия Көлбаева
Қоюшы-режиссері – Сағызбай Қарабалин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі,
«Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы-суретшісі – Бақыт Сраилов, Мәдениет қайраткері
Киім үлгілерінің суретшісі – Камила Құрманбекова
Вокал жетекшісі – Ғалымжан Берекешев
Биін қойған – Жанар Мақашева, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
Режиссердің ассистенті – Әсет Иманғалиев
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Режиссердің көмекшісі – Гүлфайруз Смаилова


Достар, «Бремен музыканттары» шырқайтын «Жол әні» естеріңізде болар!? Шынымен де, жолдар бізді үйден алысқа шақырып, көкжиектен шалғай жатқан жерлерге, бүкіл әлемді шарлауға шақырады.

Есек, ит, мысық және әтеш бірігіп, Бремен қаласына жолға шығады. Мақсаттары – қаланың музыканттары болу. Олар жолдарды кезіп, тоғайда түнеп, Патша сарайына кезігеді. Есек ақырып, ит үріп, мысық мияулап, әтеш шақырып, әрқайсысы өз әндеріне салатын – музыкалық ертегі кейіпкерлері кішкентай көрермендерімізді бей-жай қалдырмасы анық.