К. Хабенский и Ю. Башмет в Казахстане

Бейбарыс султан (ЭКСПО)

Бейбарыс сұлтанавт.Р. Отарбаев
реж. Ю.Ханинго-Бекназар

тарихи драма

Дешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тұлға.  Өз өмірінің жарқын 17 жылын Мысыр елін гүлдендіруге арнаған, тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты және мазмұнды  тұлға.  Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да  Бейбарыс бабамыздың  жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына,  жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»  дегенді халық бекер айтпаса керек...