Мероприятия Stages.kz

«Бас». Гастроли театра им. Махамбета

«Бас»

Рахымжан Отарбаев

«Бас» драма

Режиссері: Жанат Телтаев

Өмірін халқының тағдырына арнаған, жалынды ақын, жалаугер батыр Махамбеттің басын қабірінен қазып алып, сол арқылы мүсінін (бет-бейнесін) жасап шығуды жоспарлаған әйгілі антрополог Ноэль Шаяхметов ақыры ісінің соңына жете алмай, Мәскеуге кетерінде бассүйекті кімге тапсырарын білмей дал болады.  Қай кеңсеге, қай басшыға барса да ақынның басын көрген олар зәре-құттыраы қалмай қорқады. Креслоға жайғасқандарың бәрі де ақын заманындағы Қарауылқожа, Ықылас, Баймағамбеттер...

Олар ақынның басын қайтсін?! Сонда Ноэль: «Бұ қазаққа махамбеттің ерлігі керек, жырлары керек те, басы керек емес екен?!» деп күйеді. Осы тартыспен жүргенде батырдың басы жоғалады. Ноэль Мәскеуге аттанады. Кейін Құрақ атты шал жоғары жаққа хат жазып, Басты тауып, қайта жерлеу туралы мәселе қозғайды. Басты тапқанға мол сыйақы тігіледі. Сол кезде барып, Ықылас сынды ынсапсыздар жаппай басты іздейді...