Машина времени в Казахстане!
Концертный зал «Астана»

«Баһадүр бабалар»

Купить билеты

bahadur-babalar

Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының аясында, Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы 2019 жылдың 3 мамыр күні, сағат 19.00де «Баһадүр бабалар» атты музыкалық театрландырылған қойылымын өткізеді.               

Өтетін орны: «Астана» концерт залы  

Ұлан-ғайыр жер үшін, текті туған ел үшін бірлігін бекітіп, терезесін тең ұстаған баһадүр батыр бабалардың ерлігі СІЗ бен БІЗГЕ – аманат! Олардың дара жолын дәріптеп, батырлығын насихаттау елдігіміздің айғағы!

Осыны ескере отырып, Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының өнерпаздары «Баһадүр бабалар» кешінде ерлігі қара бұлтты қақ жарып, есімі мәңгілік санамызда жаңғырған батырларды жырға қосады! Кеш аясында Орақ-Мамай, Қарасай, Оспан, Қапал, Еспенбет, Көрұғлы, Өтеген сынды қынабынан қылышын суырып, халқы үшін жанын қиған хас батырлардың бейнелері сұлу сөзбен, жақұт жырмен өрнектеледі.                                                

Кешке, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова, Мәдениет саласының үздіктері Арайлым Рахымқызы, Күнсұлу Тұрлыбекова, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Жазгүл Данылбаева, Данияр Мұқан, Айнұр Қонысбаева, Ерболат Шалдыбаев, Әйгерім Нартүйе және т.б өнерпаздар қатысады.  

Жоба авторы және бас режиссері: Әбдірахманов Сәкен Сейтқалиұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері                                                                           

Байланыс: 8 701 766 13 96.