97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Асауға тұсау»

Автор:У. Шекспир

Премьера күні: желтоқсан, 2013 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Бекболат Құрманғожаев, Дәурен Серғазин

Актерлар: Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Айнұр Рахипова және т.б.

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат, 45 мин

Жас санаты: 

Қосымша:

 

«Асауға тұсаудағы» - асау қызды ауыздықтау емес, кіршіксіз махаббатты шынайы түсінуден тұратын ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Сөзі өткір, өр мінезді Петруччио мен тапқыр әрі ақылды тентек Катарина екеуінің әзілді қақтығыстары қыз бен жігіттің айтысындай өте тартымды. Әзілқой Грумио, жылпос Транио, сөзді нақты айтатын Мантуия, жұмсақ мінезді Баптиста тағы басқа кейіпкерлердің мінез-құлқы жалынды жастардың актерлік шеберлігіне ұласқанда, сахна көңілді көріністерге тола түседі.

Жарасымды қалжыңымен баурап алатын көркемдік құдіретімен қымбат шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға шықты. Оқиға көңілді музыкамен, орындаушылардың пластикалық қасиетімен ашыла түсетін қызықты қойылым болмақ.

Кейіпкерлер:

  • Баптиста – Азамат Эсқұлов, Бекжан Керімбаев
  • Петруччо – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Бахыт Хаджибаев
  • Люченцио – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Бекжан Керімбаев
  • Гремио – Бахыт Хаджибаев
  • Гортензио – Нұрлыбек Төлеген
  • Бахыт Хаджибаев
  • Транио – Ербол Тілеукенов
  • Бьонделло - Бекжан Керімбаев,  Дәурен Серғазин
  • Грумио – Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент степендиясының иегері
  • Катарина – Айнұр Рахипова, Мадина Жұмабаева
  • Бьянка – Ғазиза Ашимова, Наурыз Сабағатова

Қоюшы суретші: Ерлан Тұқяқов​

Балетмейстер: Анар Жүсіпова, Қазақ мәдениетінің қайраткері

Билет қайтару шарттарытанысу