97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Ән шырқайық би билеп…»

Елбасының Қазан айының 20-шы жұлдызында, сағат 19.00де Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының дарынды әншілері мен Эстрада би ансамблі «Ән шырқайық, би билеп» атты таңғажайып кеш өткізеді. Кеш аясында Қазақ және шет елдің ғажайып әндері шырқалады.

«Ән шырқайық, би билеп» концерті барша көрермендерді, таңғажайып, сиқырлы әуендермен қауыштырып, ерекше сезімге бөлейді. Кеш аясында «Қыздар-ай», «Бессаме мучо», «Екі жұлдыз», «Қазақ вальсі», «Испан болеросы», «Бейтаныс қыз» т.б әндер шырқалады.                   

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері Нұрбол Балапанов, «Қазақстан дауысы III» тележобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Арайлым Рахымқызы,  Шахризада Тыныштық, Гүлнұр Жақсылықова, Дәстүр Асылхан т.б өнерпаздар қатысады.  
Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі. 

Іс-шараның ұзақтығы: 90 минут.

Мекен жайы: «АСТАНА» КОНЦЕРТ ЗАЛЫ,  Кенесары көшесі, 32.