Scorpions в Алматы

«Алтай-Тарбағатай» ән-күй мұрасы

 «АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙ» ӘН-КҮЙ МҰРАСЫӨтетін орны: Астана Қ., «QAZAQSTAN» ОКЗ, Мәңгілік ел, 10/1

Өтетін күні: 16 ақпан 2023 ж.

Өтетін уақыты: 19:00 

Жанр: концерт

Ұзақтығы: 80 минут

Тұрақ: бар

Жас шектеуі:

Қосымша:

 

 Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙ ӘН-КҮЙ МҰРАСЫ» атты дәстүрлі өнер кешіне шақырамыз.

«Алтай-Тарбағатай ән-күй мұрасы» өзге өңірлердің ән салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептердің бірі. Өз алдына мектеп болып, халықтың ән-күй өнері кенже жеткенімен, тарихы сонау ерте кезден бастау алады. Алтай-Тарбағатай өңіріне үш ішекті домбырамен ән айтып, күй шерту өнері тән. Шәкір Әбенов, Тұрсынғазы Рахым сынды өнерпаз тұлғалар осы мектепті жалғастырушы соңғы өкілдері болып табылады.

Концерттік іс-шараның мақсаты – Алтай-Тарбағатай өңірінің дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің дамуына атсалысу, музыкалық және поэзиялық бағыттың ерекшелігін халыққа тереңірек түсіндіру болып табылады. Музыкалық кеште Алтай-Тарбағатай өңірінің сал-серілері мен күйшілерінің туындыларын дәріптеп жүрген «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары сахнаға шығады.

Іс-шара барысында өте көне әндер шырқалып, «Алтай-Тарбағатай» дәстүрлі ән мектебінің ерекшеліктері мен қазақ музыка өнеріндегі орны туралы әңгіме шертіледі. Концерттік бағдарламада ілме қағыспен орындалатын және үш ішекті домбыраға арналып жазылған туындылар шырқалады.

Іс-шараға белгілі күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Раушан Оразбаева, Құмарбек Қалқатай, Нұрболат Арзамасұлы, ҚР Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, күйші, зерттеуші Еділ Басығараев, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары Ардақ Елеусіз, Асқар Мұқият, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бауыржан Мұхаметбай, Бауыржан Бекмұханбет, Дінисламбек Жайлаубай, Айзат Қарабек, Венера Табыс және Біржан Айтахметов.

Кеш жүргізушісі – Жасұлан Наурызбайұлы. Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!