Счастливые поют

Алмас қылыш

Ілияс Есенберлин
Алмас қылыш

тарихи драма

Сахналық нұсқа авторы - Ә.Бағдат
Қоюшы режиссер – А.Кәкішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-режиссер - А.Кәкішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің ассистенті - Ж.Маханов, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты

Қоюшы-суретші - М.Сапаров

Композитор - К.Базарқұлова

Режиссердің көмекшісі - Б.Әбдіков

Көрнекті жазушы І.Есенберлиннің атақты «Алмас қылыш» романы желісімен қойылған спектакль  Қазақ елінің іргетасы қалануын бейнелейді.

XV ғасыр  ортасы. Дешті-Қыпшақ даласы. Әбілхайыр хандығындағы толассыз  қан төгіс соғыстар, ішкі  қырқыстар  мен  аяусыз езгіден  халық ауыр күйзелісте.  Ал, хан өз тағын сақтап қалу үшін қол астындағыларды бір-біріне айдап салып отырады. Осындай бір қитұрқылықтан Қобыланды Ақжол биді өлтіреді. Бірақ, қазақ рулары хан ойлағандай жауласпайды, қыпшақтар кешірім сұрап,  арғын Ақжол бидің өліміне көңіл айтып келеді. Әбілқайыр өзінің бұл өлімге қатыстылығын мойындамай, араздық отын жағуын жалғастырады.  Ыдырай бастаған қазақ руларының басын қосып бөлек ел болуды ойланып жүрген  Керей  мен  Жәнібек сұлтандар осы оқиғадан кейін шұғыл шешім қабылдайды. Моғолстан ханы Есенбұғамен келісімге келіп, азаттық аңсаған қазақ руларын бастап батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударады.

Спектакль жеке өз алдына хандық құру жолында небір тар жол, тайғақ кешуден өтіп,  ұлы тарих көшінен өзінің лайықты орнын алған халқымыздың рух мықтылығын паш етеді.