Алғашқы махаббат
Өтетін орны: Астана қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10
Автор: Қ. Жүнісов
Премьера күні: Қыркүйек, 2014 жыл
Режиссёр: Дәурен Серғазин — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Актерлар: Нұрлыбек Төлеген, Данияр Оразаев, Мәдина Май ж/е т.б.
Жанр: комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 50 мин
Қосымша:
Кейіпкерлер:
- Қанат (оқушы) – Нұрлыбек Төлеген, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Данияр Оразаев
- Гүлзат Болатқызы (жас мұғалім) – Мәдина Май, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері
- Қайыржан (оқушы) – Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
- Айтгүл (оқушы, старосты) – Айман Есенқызы
- Сайра (оқушы) – Наурыз Сабағатова
- Жасболат (оқушы) – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері, Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
- Еділ (оқушы) – Айсұлтан Жалиев
- Айбол (ересек жігіт) – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
- Батыр (жас жігіт) – Азамат Эсқұлов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Елдос Шәйкенов
- Ырымтай Құлжабайұлы (мектеп басшысы) – Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері
- Катя (Гүлзаттың сіңілісі) – Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Қаламқас Мелисова
Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов
Балетмейстер – Анар Жүсіпова
Әуенін өңдеген – Жандәулет Батай
Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл – албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім, шынайы сезім шығар...
Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен ә дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ.