Афиша театров в Таразе

Рәнагул - Түймеқыз

Андерсеннің ертегісі қазіргі заманғы музыкада, ән мен биде жаңа өмірге ие болмақ. Көрермендерді сиқырлы әлемге апаратын ертегіде жазушының өзі де болмақ. Ол өзінің сиқырлы таяқшасымен қолын сілтегенде, әдемі гүлден кішкентай Түймеқыз пайда болады. Оны жолында қаншама шытырмандар күтуде! Қызды зұлым Бақалар ұрлап кетеді, тентек қоңыздар қуып жібереді, содан кейін ол Тышқанның қолына түсіп, сараң Кротпен тұрмысқа шыға жаздайды. Бірақ көктем келіп, Түймеқыз қыс суығында құтқарған Қарлығаш оны сиқырлы елге апарып, ханзадасын кездестіруге көмектеседі.