«Француз музыкасының кеші»
2022 / 2023 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым
15 ақпан * сәрсенбі * 19.00
«Француз музыкасының кеші»
Фортепианолық дуэт Гүлжан Өзенбаева – Дана Жұбанова-Әли
Белгілі пианистер – Гүлжан Өзенбаева мен Дана Жұбанова-Әлидің шығармашылық дуэті барокко дәуірінің өкілі Жан-Филипп Рамодан бастап ХХ ғасыр композиторы Дариюс Мийоның туындыларына дейін француз музыкасының жарқын үлгілерін ұсынады.
Гүлжан Өзенбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы фортепиано кафедрасының профессоры.
Дана Жұбанова-Әли Қазақ ұлттық өнер университеті фортепиано кафедрасының доценті бола отырып, республикалық және халықаралық байқаулардың 70-тен астам лауреатын тәрбиелеген. Қазақ фортепианолық және камералық музыкасын еліміз бен шет елдерде белсенді насихаттауда.
БАҒДАРЛАМА:
Ж-Ф.Рамо. «Құстардың үн қатуы»
Л.Дакен. «Көкек»
К.Дебюсси. «Шағын сюита»
Ф.Пуленк. Екі фортепианоға арналған соната
К.Сен-Санс. «Жануарлар карнавалы» топтамасынан алты пьеса
К.Дебюсси. «Ақсары шашты қыз»
Ж.Бизе. В.Грязновтың өңдеуінде «Екеуге арналған хабанера»
К.Дебюсси. «Ай сәулесі»
К.Сен-Санс. «Ажал биі»
Д.Мийо. «Скарамуш» сюитасынан «Бразильера»
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Гүлжан ӨЗЕНБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дана ЖҰБАНОВА-ӘЛИ, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті
Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады