Афиша кино в Петропавловске

The scars of war are alien to women

Авторы: Светлана Алексеевич

Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов

Жас аралығы: 12+

Ұзақтығы: 1 сағ.10 мин.

 

 

 

 

 

 

Жанған от пен жауған оқтың ортасында қанаты күйген көбелектей шыр-пыр болған мейірім иесі жүр, бұл – махаббат. Кеудесін оқ тескен, бетін күйік шалған жаралы батырлардың жанына да арашашы болған да осы – махаббат.

Қатыгездік пен қанішерлік жайлаған соғысқа қарғыс айтып, қан сасыған майданнан жұпар аңқыған жеңістің ұлы күнін жақындатқан да ол – махаббат.

Ал, осы махаббатты өн бойына, жан дүниесіне ұялатқан ол – ӘЙЕЛ заты.

Бұл қойылымда жаны нәзік әйел затының аяусыз қатал соғысқа қайрат танытып, қарсы тұрғаны, жеңіп шыққаны суреттеледі. Себебі, соғысты жеңетін жалғыз қару махаббат ғана.