Scorpions в Алматы

Роза Әлқожаның ән кеші Алматыда

Роза Әлқожаның ән кеші АлматыдаХалқын назды әуенімен тербеткен әнші Роза Әлқожа 2008 жылы өнер жолына қадам басып,  «Мен сыйға тартқан орамал» деген алғашқы альбомы жарық көрді.

Роза  Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал», «Жылатқаның неткенің», «Қара күз», «Мына өмір ғажап қандай» әндері халықтың жүрегінен орын тауып, әнші елдің сүйікті әншісіне айналды. 2021 жылы Роза Алматыда жеке концертін берді. Сондай-ақ, Роза Әлқожа керемет қоңыр дауыс иесі ғана емес, ақын, композитор.

Талант пен мықты дауысы, сәттілік пен мінезі оған үлкен сахнаға шығуына көмектесті. Роза қазақтың дәстүрлері мен жаңа музыкалық үрдістерді біріктіріп, бірегей сахна имиджін құрды. Әнші жанкүйерлеріне үлкен нәзіктікпен және құрметпен қарайды, сол себепті олардың саны күн сайын өсіп келеді.

Кезекті «Ақмаңдайлым» атты ән кеші Алматы қаласы, Республика сарайында 1-ші қараша 19.30да болады. Келіңіздер, керемет кештін куәсі болыңыз!