ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Талгар
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
JCS Алматы қаласында

JCS Алматы қаласында

Сипаттама

JCS - ЖАНДЫ ӘУЕН, ТЕРЕҢ СЕЗІМ, ҰМЫТЫЛМАС КЕШ!

Құрметті достар! 1997 жылы Алматы қаласында құрылған JCS тобы сіздерді джаз, шығыс әуендері мен тірі музыканың қуатты энергиясы тоғысатын ерекше концертке шақырады!

JCS (Jazz Chai Specification) - бұл шығыс пен батыс мәдениеттерінің түйіскен тұсында дүниеге келген эксперименттік музыкалық жоба. Қазақтың дәстүрлі әуенінен, джаздан, рок пен фанк бағыттарынан шабыт алған топ ешкімге ұқсамайтын ерекше дыбыстық әлемін қалыптастырды. Олардың стилі «буырқанған сабырдың» музыкасы, яғни импровизация еркіндігі мен шығыс философиясының тереңдігін үйлестіре білген тепе-теңдік.

Шығармашылық жолында JCS қазақстандық джаз-фьюжн бағытының алғашқы қарлығаштарының біріне айналып, ірі халықаралық фестивальдерде өнер көрсетіп, тек отандық емес, шетелдік көрерменнің де ыстық ықыласына бөленді.
«Жизнь была бы сказкой», «Мой дом», «Я люблю тебя» сынды танымал әндері тыңдарман жүрегінен берік орын алды.
Әрбір концерті - нағыз жанды эмоция, көрерменмен жүрекке жетерлік музыкалық диалог. Бұл кеш - өнер мен рухтың үнқатысы. Сізді де бірге сезінуге шақырамыз!

  • Өтетін орны

    Алматы қ. Республика Сарайы

  • Күні мен уақыты

    25 мамыр 2025, 19: 00

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кешбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 25
    Мамыр
    Жекс
    Республика Сарайы
    бастап 5000
    бастап 5000