rebranding

/21700u45664_ant.jpgӨтетін орыны: Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі,1, Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театры

Автор: Тахауи Ахтанов

Премьера күні: 

Режиссёр: Тұңғышбай Жаманқұлов

Көркемдеген суретші

Жанр: тарихи драма   

Ұзақтығы: 90 минут

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып қойылған бұл қойылымның салмағы ауыр, ойы терең, орны бөлек. Əбілхайыр бастаған би-сұлтандар шоғыры ел бірлігін қайтсек сақтап қаламыз деген салмақты мәселенің түйінін шешу барысындағы əрекеттерінің көрінісі бейнеленген бұл қойылымды кеудесінде қазақ деген рухы бар кез келген адам жай қабылдай қоймасы анық. Əйел дейді...

Билікте əйел болса...бірлік болмас. Алайда, тарихта құны еш еркекпен теңеспейтін нардай, рухты əйелдер болған. Соның бірі - Бəтима (Бопай) ханым. Бір шетінде құдай қосқан қосағы, елінің ханы Əбілхайыр тұрса, бір шетінде жаны сүйген Сауран сұлтаны. Қос азаматтың арасында қалған Бопай ханым. Ел бірлігі мен əділдіктің жолында бауырынан айрылған Бопай ханым. Екі асқарынан бірдей айырылып, "Қайдасың,елім деп ем іренген азамат. Қайдасың, азамат?"- деп еңіреген Бопай ханым....