«Sham Auen» классикалық музыка концерті
8 наурыз күні Алматы қаласының төрінде өтетін Шам Ауен концертінде көктемгі үйлесімділік атмосферасына терең бойлаңыздар! Осынау ерекше кеште сіздерді нәзіктік, шабыт пен мерекелік көңіл-күйге толы классикалық музыканың керемет бағдарламасы күтуде.
Бағдарламаға әлемдік классика жауһарлары кіреді:
Eine Kleine Nachtmusik - көңілді жайлап, нәзк сезімдерге баурайтын Вольфган Амадей Моцарттың аты аңызға айналған туындысы.
Libertango - еркіндік пен эмоциялар биіне жан беретін Астор Пьяццолланың қарқынды ырғақтары.
Подмосковные вечера және Көзімнің қарасы - жанға жағымды жылы естеліктерді оятатын әйгілі әуендер.
Махаббат, сұлулық және көктем үніне көмкерілген сиқырлы кеш күтуде. Мерекелік кеште өзіңізге және жақындарыңызға ұмытылмас әсерлер сыйлаңыздар!