Scorpions в Алматы

Құдалар

Алтын көрсе періште жолдан таяды. Ал қырық жылғы достығын мыңжылдық құдалықпен жалғауды көксеген құдай қосқан көршілердің сол сертіне күтпеген жерден пайда болған есепсіз байлық селкеу түсірсе қайтпек керек?!.

Тағдыр ұсынған тосын сыйды не бөлісе алмай, не келісе алмай әбігерге түскен көршілер шынымен құдалықтан бас тарта ма? Алтын қымбат па, әлде уәде құнды ма? Ойда жоқ жерден тұтанған күйбіңнің соңы немен аяқталмақ?

Күлкіге толы тосын сәттер мен зілсіз қақтығыстар, шет-шегіне жетіп болмас қызу айтыс комедияның дамуын тіпті шиеленістіре түседі. Жеңіл тұрмыстық әзіл, тіпті соңы қызды-қыздымен шым-шытырық детективке ұласар күтпеген оқиғалар легі Кейіпкерлер мен орындаушылар:  түгілі көрерменнің өзін біраз әбігерге салары сөзсіз.

Ендеше, құдалардың тартысты тағдырының куәсі болуға асығыңыз!   

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Әбдісалам – Азамат  ЭСҚҰЛОВ

                    Әділ АХМЕТОВ

Момын (өзбек) – Жандаулет  БАТАЙ

                             Бахыт ХАДЖИБАЕВ

Хадиша (кемпірі) – Мадина  МАЙ

                                  Балжан ЗИЯҚҰЛОВА

Нәдір (баласы) – Мейірғат  АМАНГЕЛДИН

Ділназ – Наурыз  САБАҒАТОВА

Қылышбек – Дәурен  СЕРҒАЗИН    

Шапағат (әйел) – Айнұр  РАХИПОВА

                              Мадина МАЙ

Зухра – Шехназа  ҚЫЗЫХАНОВА

Дәрігер – Бахыт  ХАДЖИБАЕВ

                 Жандаулет БАТАЙ

Сейтмәлік – Әділ  АХМЕТОВ

                      Азамат ЭСҚҰЛОВ