Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Қиянат

Қиянат/Театр Жастар

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Қ. Мұрат 

Премьера күні: Сәуір, 2021 жыл

Қоюшы режиссері: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанр: драма

 

 

 

 

 

 

Кейіпкерлер:

  • Несіпбек Думанбай – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
  • Эрнест Мырзабеквич – Бахыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері 
  • Берік Рысбек – Жандаулет Батай,  ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері 
  • Қарлығаш – Айнұр Рахипова, ҚР Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері 
  • Ескендір Ысқақ – Азамат Эсқұлов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Беріктің баласы – Айсұлтан Жалиев
  • Қарлығаштың қызы – Жанель Рыскельдина
  • Эрнесттің баласы – Асылбек Әйтіш
  • Ескендірдің қызы – Әсем Жорабек

Әр адам – қоғамның бір бөлшегі. Ал олардың өзара қарым-қатынасы – замана құндылықтарының көрінісі. Соның ішінде, әсіресе, ата-ана мен бала, ұстаз бен шәкірт арасындағы үндестік үлкен мәнге ие.

...Беймәлім бір мектепте бойжеткен – жас ұстаздың оқыстан орын алған жұмбақ өлімі құндылықтары қақтығысқан бүгінгі қоғамның боямасыз келбетін һәм ата-аналар арасындағы талай сырды сыртқа жайып салады. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы  мен олардың сахнадағы әрекеті көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген өзекті мәселені алға шығарады. Сол арқылы бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің ұрымтал тұстарына үңілтеді.  

Қызықты сюжет, тосын шешімдерге құрылған психологиялық қойылым кейіпкерлерімен бірге көрерменін де бір сәтке бейжай қалдырмай, ар биігінде ойлануға үндейді.