Scorpions в Алматы

Ғашықсыз ғасыр

Қаламгердің «Ғашықсыз ғасыр» драмасының такырыбы – отбасылық, ерлі-зайыптылық тұрмыс, идеясы – тіршілік қақтығыстарына төтеп бере алатын еркек пен әйел арасындағы шынайы махаббат сезімінің қуаттылығын таныту. Пьесадағы ең басты өзекті мәселе – өмірге келген, енді келетін жаңа ұрпақ тағдыры. Басты кейіпкерлері – біздің замандастарымыз. 47 жастағы ғылым докторы, профессор Қайырбай мен 43 жастағы ғылым кандидаты Фарида жастай бірін-бірі сүйіп қосылған, төрт перзенттері бар, кенжесі Жұлдыз – мектептегі жоғары сынып оқушысы. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы жақсы отбасы үшін пьеса сюжетіндегі шиеленісті жағдайы – Қайырбайдың ұлды болу мұратымен Нәзікеш есімді қызбен көңіл қосып, оның екіқабат болып үйге өзі іздеп келгені. Қазіргі үйінен амалсыз кетіп, бірақ ұл емес, қыз туған Нәзікешпен бірге тұрған кезі Қайырбай үшін жайлы болмады. Оқиғаның шиеленісті, шарықтау кездерінде Фарида мен Қайырбайдың қайта қауышуын, Қайырбайдың жүрек ықыласына ие бола алмаған Нәзікештің бөбекті Фаридаға әкелгенін, өзінің басқа жаққа кеткенін, Жұлдыздың сәби-сіңлісін жұбатып, жылы жүрекпен қабылдағанын көреміз.

Сұлтанәлі Балғабаевтың өмір шындығының сан салалы мәселелері сөз болатын тырнақалды туындысының бірі – «Ғашықсыз ғасыр» пьесасы. Бұл пьесаның негізгі идеясы –мәңгілік махаббат  жырын насихаттау арқылы жас ұрпақ санасына отбасының берік тірегі, алтын қазығы адалдық пен пәктік, шынайылық пен түсіністік, сезім мен сенім екендігін ұғындыру.