Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
Помощь без выходных:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp

Мөлдір Әуелбекова «Туған ел»

Өтетін күні: 1 желтоқсан

Басталуы: 19:00

Өтетін орны: ОКЗ "Қазақстан"

Жас санаты: 5+

Құрметті Астаналықтар және қала қонақтары!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынады!

Сіздерді 1 желтоқсан күні Елорданың 20-жылдық мерейтойы аясында әнші Мөлдір Әуелбекованың «Туған ел» атты концертіне шақырамыз.  

Кеште Мейрамбек Бесбаев, Төреғали Төреәлі, Ұшқын Жамалбек, Райым Уайыс, «Назар» тобы сынды отандық эстрада жұлдыздары жанды дауыста өнер көрсетеді. Концерт «Forte Trio» мемлекеттік триосының, «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің және «Zaratushtra Band» оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Күміс көмей әнші көрермен көңілінен шыққан үздік әндерін орындаумен қатар, өнер сүйер қауымның назарына жаңа туындыларын тарту етпек.

Билет құны: 500-3000 тг.