Scorpions в Алматы
Помощь без выходных:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp

Күй

Назарларыңызға ұсынылған қойылым инсценировкасы Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының желісі мен «Күй» повесінің негізіне сүйене отырып жасалған. Ұлы мәртебелі  өнердің  адам санасын оята алатын құдіреті, оның көзқарасын өзгерте алатын күш-қуаты ашылады. Оқиға ықылым замандардан көршілес екі ел арасындағы өзара өшпенділік, дау мен кекшілікті баяндайтын аңыз аясында өрбиді. Жауласқан екі елдің билеушілері Жөнейіт пен Дүйімқара батырлардың зорлық-зомбылығы дәуірлеген заманда қатігездіктің қара тасын жарып шыққан өнер гүлдерінің сұлулығы мен сыршылдығы, нәзіктігі мен өміршеңдігі, мейірімділігі мен қайсарлығы жан-жүректі еріксіз баурап, адамгершілікті әлемге жол нұсқайды...