Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
Помощь без выходных:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp

Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына орай «Дәурен-ай» әдеби-музыкалық кеші

«Дәурен-ай» әдеби-музыкалық кешіӨтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

Күні: 10 желтоқсан 2022 ж

Басталуы: 16:00

Жанр: концерт

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 100 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ұлыларға тағзым» жобасы аясында жазушы, әдебиет зерттеуші, фольклортанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Дәурен-ай» атты әдеби-музыкалық кеш өткізеді.

Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы және қазақ күй өнеріне қосқан үлесі жайлы үзеңгілес достары мен замандастары естеліктерімен бөліседі. Концерттік бағдарламада қаламгердің «Сарыарқа», «Дәурен-ай» және бұрын-соңды шырқалмаған әндері орындалады. Сондай-ақ, Жанғали Жүзбай, Елмұра Жаңабергенова, Айтбек Нығызбаев, Раушан Оразбаева, Еділ Басықара, Дінисламбек Жайлаубай, Асқар Мұқият,  Біржан Айтахмет, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық және «ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді.

Кешке ғалым, жазушы, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, ғалым, профессор Қойшығара Салғараұлы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы Несіпбек Айтұлы, күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Шәміл Әбілтай, жазушы, драматург, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, өнер зерттеуші, әнші Серік Оспанов қатысады.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!