Jullien Dassin
Помощь без выходных:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp

«БАЛА ТІЛЕГІ» концерті

1-ші маусым «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ» қарсаңында, сағат 19.00 де «Астана» концерт залында «Бала тілегі» атты таңғажайып көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын концерт өтеді.

«БАЛА ТІЛЕГІ» концертіБұл концерттің бір ерекшелігі кішкентай дарынды өнерпаздарымыз Қазақстан Жастар Одағы Сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі  Нұрғали Тұрлыбеков, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Диана Май, Арайлым Рахымқызы, Аян Айбасов, Дәстүр Асылхан, Мұратбек Хайролда, Айя Лечева, Альфира Абдрахманова, Гүлнұр Жақсылықова сынды жұлдыздармен бірге өнер көрсетеді.        
      Сондай-ақ, талай додаларда топ жарып жүрген Эстрадалық би ансамблі, (жетекшісі Лаура Мұқаева) «Рауан» би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Тоқтасынқызы), «Наурыз» би ансамблі (жетекшісі Анна Баумгертнер), «Изюми» би ансамблі (жетекшісі Бибігүл Лечева), «Асыл Мұра» би ансамблі, «Жібек» би студиясы (жетекшісі Бекзат Жүсіпов), «Астана» қазақ ұлттық өнер оркестрі (жетекшісі Шолпан Қорғанбек), «Балауса» фольклорлық ансамблі (жетекшісі Айгүл Сағатова), «Балдәурен» қазақ ұлттық аспаптар оркестрі (жетекшісі  Әлия Ахметова), «Белес» жетігеншілер ансамблі (жетекшісі  Мадина Османова) өнерлерін ортаға салып, кештің сәнін келтіреді.     
       Бүгінгі бүлдіршін, жас талант, ертеңгі ел абыройын асқақтатын тұлға екені баршамызға мәлім. Аталмыш концерттің негізгі мақсаты да сол – балалардың өнерін шыңдау, оларға жол көрсету, қамқорлығымызға алу. Үлкен сахнаға алып шығу. Расында да өнерлі ұрпақ – өрге жүзеді. Сондықтан, «Балаларды қорғау күні» қарсаңында өтетін аталған кештің маңызы зор деп білеміз.        
        Концерт «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.