Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
Помощь без выходных:
+992918-43-16-55 Ticketon WhatsApp

Әл-Фараби «Ғұлама ғұмыр»

Әл-Фараби «Ғұлама ғұмыр»

Мекен-жайы: Қарағанды қ-сы, Бұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: Ж.Әлмашұлы

Премьера күні:

Режиссёр: Қ.Қасымов

Қоюшы суретші: Қ.Жұмақұлов

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас санаты: 

 

 

Ұлы даланың Отырардай ежелгі шаhарында туып, күллі әлемге танылған ұлы ойшыл, философ ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің1150 жылдық мерейтойына орай Сәкен театрында Жолтай Әлмашұлының «Ғұлама ғұмыр»тарихи-драмасы сахналанды.Оқиға 900-950 жылдары Бағдад, Алеппо және Шам (Дамаск) қалаларында өтеді.

«Кемеңгер адамдар өзінің мөлдір ойларын көптің санасына сіңіре алмастан, абыздығының азабын шегіп өтеді екен. Мына жарық әлемде даналарға ешқашан даңғыл жол болмаған» драма-әфсана кейіпкерлерінің бірінің аузынан шыққан осы сөздер  философ-ғалым Әбу-Насырдың талайлы тағдырынан хабар береді. Драманың  арқауы –Әл-Фарабидің  Бағдадта тұратын қандасы Сейф-Манап екеуінің арасындағы тартысқа құрылған. Сахналық шегіністер арқылы ұлы ұстазыдң туған жері – Отырар (Фараб) шаһарындағы өмірінің кейбір сәттері көрініс тапқан.Драмада Әбунасырдың артында қалған мол мұра – еңбектерінен де үзінділер беріледі.

Грекойшылдары Аристотель мен Сократтың, Платонның философиялық ілімін жалғастырушы Әл-Фарабидің өнегелі өмірі мен  ғалым ретінде қалыптасу жолына арналған қойылымда Сәкен театрының жас пен аға буын актерлерінің әріптестік ойындарын көре аласыздар. Режиссер өзіне тән қолтаңбасы мен режиссерлік  тың шешімдерімен, актерлердің сан қырын ашып, қойылым тақырыбын бүгінгі күнмен орайластыра білген.