Jullien Dassin
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Жынойнақ

Авторы: Д. Кобурн

Аудармасы: Е. Аманшаев

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы-режиссер: Е.Аманшаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Режиссер: А.Кәкішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші: Б.Жандаев

Композитор: А.Райымқұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің ассистенті: А.Қабдешова

Американың белгілі драматургы Дональд Кобурнның бұл драмасы қазақ сахнасында алғаш рет қойылып отыр. Тағдыр айдауымен Қарттар үйінде тұрып жатқан Веллер Мартин мен Фонсия Дорсидің ортақ ермегі – карта ойнау. Джин ойынынан алдына жан салмаған Веллер Фонсиядан үнемі ұтылады. Тұла бойын қызғаныш оты кернейді. Қызғаныш – әзәзіл тіпті оған билігін жүргізеді, кейіпкердің жан дүниесі екіге, үшке жарылады. Драма шиыршық ата, кейіпкерлердің жан қасіреті тереңдей, жан жегісі ашыла түседі…