Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

«Жасай бер, Қазақ елі»

«Жасай бер, Қазақ елі» Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздарының қатысуымен 29-маусым, сағат 19.00-де «Астана» концерт залында «Жасай бер, Қазақ елі» атты мерекелік концерт  өтеді.   

Кештің негізгі мақсаты - есті әндер арқылы жасұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеп, туған жерін, Атамекенін қадірлеп, қастерлеуге үйрету. Сондай-ақ, арайлы Астананың сұлулығын әнмен әспеттеу. Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өту...  

Біз, аз уақыт ішінде көркіне көз тоймайтын кербез, көрікті бас қала тұрғыздық. Небәрі 20 жыл ішінде Елордамызды әлем таныды. Соның нәтижесінде жұмыр жүректен қаншама әндер, әуендер туды. Аталмыш концертте көрермен қауым естен кетпес есті әндердің куәсі болады. Бұл концерттің тағы бір ерекшелігі мұнда тек қана патриоттық әндер шырқалатын болады. Туған жер, Отан, Атамекен, Астана тақырыбындағы туындыларды шоқ жұлдыздарымыз орындайды.   

Кешке, Қазақстан және Татарстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмединова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева,  Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, Гүлмира Ақүрпекова, Мәдениет саласының үздігі  Абай Бегей, Мәдениет саласының үздігі және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Нұрғали Тұрлыбеков, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Ринат Малцагов, Әйгерім Қалаубаева, Тахмина Әшімбекова, Медет Шайкелов, Арайлым Рахым, Мұратбек Хайролда, Жанат Қарман, Қайрат-Жұлдыз, Перизат Тұрарова, Диана Май, Гүлмира Жұмабекова, Альфия Абдрахманова, Дәстүр Асылхан, Әсем Құдайбергенова, «Бақай» тобы және ArtMuzic квартеті қатысады. Аталған эстрада жұлдыздары кештің сәнін келтіріп, жүректен шыққан әндерді жүрекке жеткізетін болады.    

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруындағы концерт Астананың жиырма жылдық мерейтойы мен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.